Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен танысты

15 қыркүйек 2017, 18:00
Атырау облысы

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірін аралады және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына баға берді.

Орталық жетекшісі Тұрлан Нұржанов Бақытжан Сағынтаевқа халыққа қызмет көрсету бойынша ағымдағы жұмыс пен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қажетті сапаны қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берді.  

Үкімет мемлекеттік қызмет алу үдерісін жеңілдету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізетінін айта кеткен жөн.

Осылайша, 1 шілдеден бастап электронды үкімет порталында ЭЦҚ-сыз алуға болатын 20 танымал мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді. Биыл сәуір айынан бастап бір реттік смс-құпиясөзінің көмегімен қолжетімді алғашқы қызмет көрсету сотталмағандығы туралы анықтама болды. Сонымен қатар, бір реттік смс-құпиясөздерді пайдалану жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне әсер етпейді.

Бір реттік смс-құпиясөздің көмегімен қызмет алу үшін алуға оңай қызмет көрсетулер іріктелді. Ол үшін азамат ХҚКО-ға келіп, сәйкестендіруден өтуі және аталған нөмір тікелей өзіне бекітілгені туралы келісімге қол қоюы керек.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясын алда дамытуды келесі бағыттар бойынша іске асыру жоспарланған: мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті қағидасын енгізу; ЭЦҚ-сыз «электронды» мемлекеттік қызметтер алу және ХҚКО арқылы «қағазбен» берілетін анықтамалар санын азайту; фронт-офистердің инфрақұрылымын дамыту.