Кәрім Мәсімов ЕАЭО үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Сочиге барды  

12 тамыз 2016, 00:13
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Еуразиялық экономикалық кеңес басшыларының отырысына қатысады.

Сочиде кеңес өткізу туралы шешім сауда, кедендік ынтымақтастық, экономика және қаржылық саясат, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы өзара әрекеттестік мәселелері туралы 2016 жылдың мамыр айында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында қабылданды.    

ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларының алда өтетін кеңесінде экономикалық интеграцияның маңызды мәселелері қарастырылады, оның ішінде ЕАЭО Кеден кодексін қабылдаудың соңғы мерзімдері туралы мәселе шешіледі деп жоспарлануда.  

Сонымен қатар Экономикалық кеңес аумағы бойынша тауарлардың тасымалдануын, сондай-ақ дәрі-дәрмектер айналымын бақылау мәселелері қарастырылатын болады. 

Қазақстанның ДСҰ-ына қосылуына байланысты ЕАЭО кедендік аумағындағы тауар айналымы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

ЕАЭО – Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік негізінде құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп келеді. Қазір ЕАЭО мүшелері - Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан.