Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді

15 сәуір 2017, 18:24
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу мәселелері талқыланды. 

Еліміздің Премьер-Министрі мүдделі мемлекттік органдарға халық арасында кең түсіндіру жұмысын жүргізуді және дайындық жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.