Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау; арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уранды және көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, туристiк қызмет, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру салаларында, теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; өнеркәсіптік қауіпсіздік; байланыс, ақпараттандыру және «электрондық үкімет», ақпарат; ғарыш қызметі салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

mid.gov.kz