Iшкi iстер министрi

1957 жылы туған.
 
1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 
 
1979 - 1988 жылдар тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
 
1988 жылдан бастап Алматы облысы Ішкі істер басқармасы  Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімі бастығының орынбасары. 
 
1989 жылдан бастап Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Қапшағай қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы.
 
1992 жылдан бастап Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
 
1997 жылғы наурыз-шілде айларында ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
 
1997 жылдар - Алматы қалалық Ішкі істер бас басқармасының бастығы.
 
2003 жылдан бастап - Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің Ішкі істер бас басқармасының  бастығы.
 
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
 
2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы.
 
2011 жылғы сәуір айынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
 
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен,  "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынын ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.