Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 

1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған, 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек қызметін 1988 жылы институтты бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады. 1988–1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті. 

1992–1993 жылдары – Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті; 1993–1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994–1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары; 1997–1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999–2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002–2006 жылдары – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2006–2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008–2013 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 

2013 жылдың ақпанынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013 жылдың 10 маусымынан бастап – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 2013 жылдың маусымынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.