Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек есеп берді.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша игерілмей қалған қаражат мәселелері бойынша Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің, Қостанай облысы әкімі – Архимед Мұхамбетовтың, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Ерік Сұлтановтың, Қарағанды облысы әкімі – Нұрмұхамбет Әбдібековтың есептері тыңдалды.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Универсиада-2017 қорытындысын шығарды.

Қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы шығындарды жоспарлау сапасын арттыруды және бағдарлама жобаларын қаржыландыру жоспарын қайта қарауды, сонымен қатар Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне уақытылы төлем жүргізуді тапсырды.

«Мәдениет және спор министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, спорт ғимараттарын әрі қарай пайдалану мәселесін нақтылап шешуі керек», - деді Б. Сағынтаев.