ҚР Үкіметінің «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» ҚР заңын іске асыру туралы» қаулы жобасын қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды.  

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы есеп берді. 

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстанның темір жол және автокөлік жолдары су тасқыны кезеңіне тұрақты бақылауға алынғаны туралы айтты. 

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев су тасқыны кезеңінде Қазақстан өзендерінің сулылық деңгейінің қандай болатынының алдын ала болжамымен таныстырды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді. 

Баяндамаларды тыңдаған соң ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқыны кезеңін өткізу бірнеше мәселелерге байланысты екенін атап өтті, нақты айтқанда, ол қаржыландыруға, су қоймаларының бос көлеміне, апатты гидротехникалық құрылыстардың жөнделуіне және иесіз су қоймаларының күйіне байланысты. 

Сонымен қатар Б. Сағынтаев болашақта қайғылы жағдайлар орын алмас үшін су тасқыны кезеңіне әзірлік тәсілдерін қайта қарастыру қажеттігін баса айтты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин өңірлерде тасқынға қарсы шаралар жоспары әзірленіп, барлық қажетті ресурстарды жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде екенін айтты. Сонымен қатар, А. Мамин гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайына назар аудару керектігін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзінің бірінші орынбасары А. Маминге су тасқыны кезеңіне әзірлік барысын бақылауға алуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 6 Кодекс пен 16 заңға түзетулер енгізуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын таныстырды.

Үкіметтің барлық мүшесі заң жобасына ұсынылған түзетулерді мақұлдады.