Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың шаралар жоспары туралы есеп берді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім берудегі ІТ-жүйелерді дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты.

Сондай-ақ, білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу мәселесі бойынша Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері сөз сөйледі. 

ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаев барлық ұсынылып жатқан жаңалықтар егжей-тегжейлі пысықтауды және педагогика мен ата-аналар қоғамының арасында кеңінен талқылау жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Министрлер мен әкімдердің баяндамаларының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев білім және ғылым министрлігіне жағдайға талдау жасап, жүйенің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енуіне қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуді енгізу ұсынысын айтты. 

Қорытындылай келе, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алуларда қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді бақылауға алуды тапсырды.