Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек режимін, алғышарттарын бұзудың алдын алудың жаңа нормасы және ҚР-да жалдамалы еңбекті қолдану туралы айтты. 

Әбілғазы Құсайынов Федерацияда 2 млн-ға жуық жұмыскер тіркелгенін баяндады және жалдамалы еңбек үлесіне қатысты, оның ішінде тау-кен металлургиялық және мұнай-газ салаларындағы мәселелерге, кәсіподақтардағы мүшелер санына, жұмыскерлердің жиі бұзатын құқықтарына, Маңғыстау облысындағы мұнайшылар арасындағы жағдайға қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Біржан Нұрымбетов қазақстандық жұмысшылар кәсіподақ ұйымдарына белсенді тіркеліп жатқанын айтты, атап айтқанда екі республикалық кәсіподақтар бірлестігінде 3 млн астам жұмыскер тіркелген.