• Қаржы министрі ҚР Үкіметі бюджет қаражаттарын игеруге бақылау орнатудың жаңа тетіктерін іске асыруды бастағанын хабарлады. 

• Бақыт Сұлтанов мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту құралдарын іске қосу туралы айтты.

• Сондай-ақ, қаржы министрі мақсатты трансферттерді пайдалануды біртіндеп қысқарту туралы мәлімдеді.

• ҚР ұлттық экономика министрі Қазақстанда таяу жылдары макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені іске асырылатынын баяндады. 

• Бұдан өзге, Тимур Сүлейменов бюджет тапшылығын төмендету туралы хабарлады.