• Отырыс барысында ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары және Астанада туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы, тау-кен өндіру өнеркәсібінде, көлік пен логистикада цифрлық технологияларды қолдану, Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.

  • ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек желтоқсанда жалпы сомасы 399 млрд теңгеге 18 жаңа индустриалды жобаны іске қосу жоспарда бар екенін баяндады. 

  • Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ақмола облысындағы Щучинск–Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017–2020 жылдарға арналған жоспары (ІІІ кезең) және Астана қаласында туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі Жол картасы туралы баяндады.

  • Жеңіс Қасымбек тау-кен өндіру өнеркәсібін цифрландыру және көлік пен логистикадағы цифрлық технологиялар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

  • Сондай-ақ, ҚР ИДМ басшысы Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасының жобасын таныстырды. 

  • Әділет министрі Марат Бекетаев заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы баяндамасымен таныстырды.

  • Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.