— Отырыс барысында жылу беру маусымының өту барысы; «Экспо-2017» көрсетілген технологияларды енгізу мәселелері; «Ақылды қалалар» жобаларын іске асыру мәселелері; валютаны реттеу және валютаны бақылау туралы заңнаманы жетілдіру; ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының орындалуы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды. 

— Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жылыту маусымының өту барысы туралы баяндады. 

— Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017-2018 жж. күзгі-қысқы кезеңіне арналған отын қоры туралы, сондай-ақ электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жайында мәлімдеді.

— Қанат Бозымбаев «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған технологияларды енгізу жұмыстары туралы айтып өтті. 

— Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Экспо-2017» ғылыми әлеуетін пайдалану туралы айтты. 

— Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда “Ақылды қалалар” жобаларын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 

— Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев валютаны реттеу және валютаны бақылау мәселелері жөніндегі заң жобасымен таныстырды.

— Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2018 жылға арналған жоспарының жобасы туралы мәлімдеді.

— Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов еліміздің астық нарығында қалыптасқан жағдай туралы баяндады. 

— Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.  

— ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жобаларды енгізу барысы туралы журналистердің сұрақтарына энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берді.