— Жеңіс Қасымбек ҚР ИДМ шағын авиацияны дамыту бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты. Мәселен, бүгінде пилоттық режимде шағын авиация саласында жаңа тасымалдаушыны құру жұмысы жүргізіліп жатыр. 16 жергілікті ұшу-қону алаңын салу жоспарда бар. 

— Бұдан өзге, министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу туралы мәлімдеді. 

— Ж. Қасымбек 2017 жылы ЖТҚ-ға жер телімін бөлу мәліметтерін және 2018 жылғы жоспарды мәлім етті, сондай-ақ, аталған жер телімдерін бөлу тәртібін түсіндіріп өтті. Министр, сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салушыларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктеме берді.

— Салынып бітпеген нысандарға қатысты сұраққа жауап берген Қайырбек Өскенбаев Қазақстан бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жосықсыз үй салушылар жоқ дерлік екенін айтты. Талдықорғандағы бір ғана нысанға қатысты мәселе бар. Қазір сол бойынша сот процесі жүріп жатыр. 

— Ләззат Ибрагимова 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салымшылардан 275 млрд теңге түскенін хабарлады. 41 728-ден астам қарыз берілген. Олардың 4 549 салымшысы “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алған. 1 051 адам тұрғын үй қарыздарын алған, яғни ТҚЖБ-де тұрғын үй құнының 50%-ын жинаған. Қалған 3 488-і алдын ала және аралық қарыздар алған. Олар — тұрғын үй құнының 30%-ын жинап, қалған сомасына жылдық мөлшерлемесі 5% болатын несие алған салымшылар.