Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №43

 

2019 жылғы 18-21 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. Премьер-Министр инвесторлар үшін білім беру саласының өсіп келе жатқан тартымдылығының маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жылда салаға 11,5 трлн теңге бағытталады, оның ішінде 1,3 трлн жеке инвестициялар тартылады. Екінші мәселе ретінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. Премьер-Министр қабылданған шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға, ауру-сырқаулар деңгейін азайтуға және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.
  • ҚР Премьер-Министрі Қазақстан экономикасын цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты. Үкімет басшысы Қазақстан экономикасын цифрландырудың әлемдік аренада оның тұрақты өсуі мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өсіп келе жатқан өзектілігін атап өтті. 
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Еуразиялық даму банкінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланып, 2020 жылға арналған міндеттер айқындалды. 
  • Отырыс алдында АХҚО аумағында Банк кеңсесін ашу ресми рәсімі өтті – ЕДБ «Астана» халықаралық қаржы орталығында орналасқан алғашқы даму банкі болды. 
  • Үкімет басшысы ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамаларының бірі — елорданы, республиканың солтүстік және орталық өңірлерін газбен қамтамасыз ету үшін «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысын іске асыру барысын қарады
  • Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың М. Досмұхамбетовты өңір әкімі лауазымына ұсынған кандидатурасына қолдау білдірген Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. М. Досмұхамбетовтың активпен кездесуі барысында Премьер-Министр бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі. 
  • ҚР Премьер-Министрі ҚР Энергетика министрлігіне жаңа басшы Н. Ноғаевты таныстырды. 
  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын орындаудың 2019 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды. Үкімет басшысы Ұлт жоспарын толыққанды әрі сапалы іске асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу