Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №744 қаулысы

«Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі  № 687 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 шілдедегі № 687 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

          2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                          О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу