06 Маусым 2025, 00:00
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Субсидиялау қағидалары»;
2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары;»;
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы «қағидалары;» деген сөз «қағидалары бекітілсін.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу