Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 шілдедегі №499 қаулысы

 

Мемлекеттік «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 139-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидалары бекітілсін.

          2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

Ереже

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу