Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы №636 қаулысы

«Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы»
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                        Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу