Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы №627 қаулысы

Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Алматы облысының Қонаев қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы мен Қонаев қаласының мәслихаттары мақұлдаған, қоса беріліп отырған Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспарының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасы бекітілсін.
  2. «Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 134 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                        Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу