Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы №633 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 28 маусымдағы №391 және «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1.  «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы №391 қаулысы;

    2.  «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 қаулысы.

  2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                          Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу