Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қазандағы №848 қаулысы

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

«Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 51 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарының бастапқы мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 15 қазанға дейін қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                                      Ә. Смайылов

 

Ереже

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу