08 Қыркүйек 2025, 14:22
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, оның құрамында» деген бөлім:
мына:
«
|
|
12) |
«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
|
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
|
|
13) |
«Dosjan Temir Joly» акционерлік қоғамы |
|
|
»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы деген бөлімде реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу