Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі  №505 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 18-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидалары бекітілсін.
  2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
5 тамыздағы № 528 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
5 тамыздағы № 528 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 30 қаулысы.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        О. Бектенов

 

Ереже

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу