07 Қараша 2022, 18:31
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр»;
42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша»;
мынадай мазмұндағы 42-2-тармақпен толықтырылсын:
«42-2. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу