10 Тамыз 2026, 10:06
«Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 23-бабының
4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу