12 Ақпан 2025, 18:10
«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 81-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
81 |
30.92.2 |
Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалар шығару |
»;
реттік нөмірі 192-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
192 |
47.76.1 |
Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем болатын, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде гүлдердің, бөлме өсімдіктерінің бөлшек саудасы |
»;
реттік нөмірі 195-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
195 |
47.76.4* |
Сауда алаңы 2000 ш.м-ден асатын (2000 ш.м және одан жоғары), сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде гүлдердің, бөлме өсімдіктерінің бөлшек саудасы |
»;
реттік нөмірі 249-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
249 |
58.12.0 |
Анықтамалықтар мен тарату тізімдерін шығару |
»;
реттік нөмірлері 263 және 264-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
263 |
68.20.1 |
Жекеменшік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
|
264 |
68.20.2*** |
Жекеменшік немесе жалға алынған бизнес-орталықты, офистік құрылысжайларды, әкімшілік ғимаратты жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 264-1, 264-2, 264-3, 264-4, 264-5 және 264-6-жолдармен толықтырылсын:
«
|
264-1 |
68.20.4*** |
Жекеменшік саудаға арналған жылжымайтын мүлікті және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалға беру және басқару |
|
264-2 |
68.20.5*** |
Жалға алынатын саудаға арналған жылжымайтын мүлікті және жалға алынған сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
|
264-3 |
68.20.6*** |
Тұрғын үйлердегі жекеменшік немесе жалға алынған қосарлас, жапсарлас тұрғын емес үй-жайларды жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
|
264-4 |
68.20.7 |
Жекеменшік немесе жалға алынған көрме залын, конференц-залдарды жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
|
264-5 |
68.20.8 |
Жекеменшік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
|
264-6 |
68.20.9*** |
Басқа топтамаларға енгізілмеген жекеменшік немесе жалға алынған өзге де жылжымайтын мүлікті жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
»;
реттік нөмірі 291-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
291 |
81.21.1 |
Тұрғын үйлерді жалпы жинау |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
291-1 |
81.21.2 |
Коммерциялық ғимараттарды жалпы жинау |
»;
реттік нөмірлері 312, 313 және 314-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
312 |
87.10.0 |
Пациенттердің тұруы мен оларға орта медициналық персоналдың күтім жасауын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
|
313 |
87.20.0 |
Психикасының бұзылуынан (ауруынан), ақыл-ой дамуының тежелуінен және дене кемістігінен, алкогольге немесе есірткіге тәуелділіктен зардап шегуші адамдардың тұруын қамтамасыз ете отырып, оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
|
314 |
87.30.0 |
Тұруын қамтамасыз ете отырып, егде азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
»;
реттік нөмірі 316-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
316 |
88.10.0 |
Егде азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға тұруы қамтамасыз етілмейтін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу