Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдагы №471 қаулысы

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 274 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып белгіленсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу