Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №626 қаулысы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 96-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібі, нысандары және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттар бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       О. Бектенов

Ереже

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу