Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №1049 қаулысы

Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 537-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан  кейін, бірақ ерте дегенде
2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                    О. Бектенов

 

қосымша 1

қосымша 2

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу