08 Сәуір 2026, 13:08
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 270-жолда:
5-бағанда:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) «Казгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 279-жолда:
5-бағанда:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2030 жылғы 11 тамызға дейін»;
реттік нөмірі 370-жолда:
5-бағанда:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 371-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 377-жолда:
5-бағанда:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;»;
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 393-жолда:
5-бағанда:
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:
«46) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «Decarbonize Solutions Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2030 жылғы 13 желтоқсанға дейін».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу