12 Маусым 2024, 17:26
«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
«
|
2. |
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба |
951542362 857 теңге |
2024 – 2033 жылдар |
450000000000 теңгеге дейін (1000000000 АҚШ долларына дейін балама) |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу