Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №1086 қаулысы

«Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы №429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:

10-тармақта:

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Әзірленген «ҚБП» ҚҚВТ жобасы мемлекеттік органның ОСК қарауына шығарылады.»;   

он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органдар «ҚБП» ҚҚВТ-ны әзірлеу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «ҚБП» белгісімен шектелуге жататын қызметтік құжаттардың бірыңғай (үлгілік) тізбесін басшылыққа алады.»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою «жұқа клиент» үлгісіндегі шешімдер пайдаланылып, электрондық құжатты сақтау орнынан жүктеу мүмкіндігінсіз және оған қол жеткізген (қарау, қайта жіберу, басып шығару және т.б.) барлық пайдаланушыларды ескере отырып, бұлтты сақтау орнында жүзеге асырылуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне, оның ведомстволарына, оның құрылымына кіретін ұйымдарға, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қолданылмайды.

«ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қабылдауды және жіберуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, оның құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, олармен үлестес заңды тұлғалар электрондық құжаттарды сақтау орнынан жүктеп алу мен басып шығару және электрондық құжаттарды сақтау орнына жүктеу мүмкіндігі бар абоненттік пункт арқылы жүзеге асырады.

Бұлтты сақтау орнының дерекқоры «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар.» ҚР СТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес ақпаратты криптографиялық қорғаудың отандық құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) пайдалана отырып қорғалуы тиіс.

13. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың ЕТҚ-да өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жоюды қоспағанда, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану (сақтамай) және жою МО БКО-ға қосылған және Интернетке шықпайтын ЕТҚ-да жүзеге асырылады.»;

14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұлтты сақтау орнына қосылу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық түрде беру «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар.» ҚРСТ 1073-2007 мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшінші деңгейінен төмен емес отандық АКҚҚ пайдаланылатын байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.»;

15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұйым басшысы электрондық жеткізгіштің түріне, нысанына,  мазмұнына және берілуіне қарамастан, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғауды, оның ішінде тиісті АКҚҚ-ны және (немесе) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық шараларды қабылдайды.»;

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. Ұйым қызметкерлері қолжетімділігі шектелген қызметтік және (немесе) жасырын ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.

Ұйым қызметкерлеріне өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты белгілі болған «Қызмет бабында пайдалану үшін» және (немесе) «Жасырын» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге  және беруге рұқсат етілмейді. Үшінші тұлғалар «Қызмет бабында пайдалану үшін» және (немесе) «Жасырын» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты алуға әрекет жасаған жағдайда қызметкер ұйым басшылығына және/немесе тікелей басшысына дереу хабарлауға міндетті.»;

48-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұйым басшысының қарары алынғаннан кейін сұратылған ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 7-параграфына сәйкес жібереді. Бұл ретте «Қызмет бабында пайдалану үшін» және (немесе) «Жасырын» белгілері бар құжаттан және басылымнан (нормативтік құқықтық актіден және (немесе) жеке құрам бойынша бұйрықтан) үзінді көшірмеде Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының сұрау салуына қатысы бар бөліктегі мәліметтер көрсетіледі.»;

68-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте, егер «ҚБП» белгісі бар құжаттар мен басылымдарда басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәліметтер қамтылса, «ҚБП» белгісін алып тастау «ҚБП» белгісімен шектелуге жататын  қызметтік құжаттардың бірыңғай (үлгілік) тізбесінде айқындалған мерзім аяқталғаннан кейін осы мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының келісімімен ғана жүзеге асырылады.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Істерді ведомстволық архивте сақтауға дайындау (ресімдеу, істердің мұқабаларына қосымша деректемелер қою, құрылымдық бөлімшелердің тізімдемелерін жасау, тізімделген істерді қабылдау-беруді жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының  құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2024 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                      Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу