14 Тамыз 2023, 09:10
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 35-3) және 35-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«35-3) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
35-4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу