12 Қазан 2026, 00:10
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:
«96-1) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 106-3) тармақшамен толықтырылсын:
«106-3) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 115-2) тармақшамен толықтырылсын:
«115-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 126-1) және 126-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«126-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
126-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:
«143-1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:
«159-1) деректерді қашықтықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:
«160-1) газды дайындау және қайта өңдеу объектілерінен шығарылған кездегі газды бөлек есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 243-5) тармақшамен толықтырылсын:
«243-5) энергия өндіруші ұйымдардың есепті ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарау және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражаттың көлемін азайту туралы шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 276-1) және 276-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«276-1) электр қуаты нарығының тетігі шеңберінде электр желілерін салу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
276-2) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 279-1) және 279-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«279-1) жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу, тиісті шарттарды жасасу және гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді индекстеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
279-2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған үлгілік шарт негізінде гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға шарт жасасады;»;
мынадай мазмұндағы 303-1), 321-2), 321-3), 321-4), 321-5), 321-6), 321-7) және 321-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«303-1) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;
321-2) өңірлік электр желілік компаниялармен, жүйелік оператормен, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен электр желілерін салуға инвестициялық келісімдер жасасады;
321-3) нарық кеңесінің электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау тәртібін айқындайды;
321-4) электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасасу немесе оны жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
321-5) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда электр қуаты нарығында төмендету коэффициенттерін қолдану тәртібін айқындайды;
321-6) инвестордың электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа бастамашылық жасауға өтінім жіберу тәртібін және оны қарау тәртібін айқындайды;
321-7) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органмен электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасасу тәртібін айқындайды;
321-8) электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны береді, тоқтата тұрады, оның қолданысын қайта бастайды, кері қайтарып алады;»;
мынадай мазмұндағы 341-7) тармақшамен толықтырылсын:
«341-7) энергия беруші ұйымдарға қатысты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады;»;
349) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«349) электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
356) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«356) аукциондық сауда-саттықты және жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;»;
358) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«358) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты және жобалық аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;»;
мынадай мазмұндағы 442-1) тармақшамен толықтырылсын:
«442-1) тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағаларын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
467-24), 467-25) және 467-26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«467-24) отын-энергетика кешені саласындағы цифрлық инфрақұрылым операторын айқындайды;
467-25) отын-энергетика кешені саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
467-26) отын-энергетика кешені саласындағы киберқауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;».
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының қырық сегізінші және қырық тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу