Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 08 желтоқсандағы №1093 қаулысы

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

«Шымкент қаласының әкімдігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 240.1.1-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                             Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу