Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 09 сәуірдегі №252 қаулысы

«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарында:

26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Практикалық және теориялық сабақтар террористік тұрғыдан осал объектінің меншік иесі, иеленушісі, басшысы (күзет қызметі субъектісінің басшысы) бекіткен өткізу кестесіне сәйкес жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.»;

53-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) объектідегі ахуалды бақылау бойынша: байланыс, хабарлау, күзет және дабыл сигнализациясының жүйелері мен құралдары (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары – «дабыл түймелері»), телевизиялық күзет жүйелері, пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелері;»;

70-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты  автоматты режимде (аудиожазбаны қосу) трансляциялауды және микрофонды пайдалана отырып, дауыстық хабарландыруды қамтамасыз етуі тиіс.»;

71-тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қалаларда – кемінде 24 сағат;

2) кенттерде және ауылдарда – кемінде 48 сағат;»;

80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелерімен жарақтандырылады.

Пилотсыз әуе кемелері арқылы террор құралдарын жеткізуге және қолдануға байланысты қауіп-қатерлер өзекті болатын өзге де объектілерге пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелерін көздеу ұсынылады.

Пилотсыз әуе кемелеріне қарсы іс-қимыл жүйелеріне қойылатын техникалық сипаттамалар нұсқаулықтарда айқындалады.»;

83-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты  автоматты режимде (аудиожазбаны қосу) трансляциялауды және микрофонды пайдалана отырып, дауыстық хабарландыруды қамтамасыз етуі тиіс.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     О. Бектенов 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу