Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №523 қаулысы

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

5-тармақ үшінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Қағидалардың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын осы Қағидалардың 5-тармағы                                   бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға олардың мектепке дейінгі ұйымға бару кезеңінде мемлекет тамақтану шығыстарын жергілікті бюджеттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде өтейді.»;

6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің растайтын құжаттар қоса берілген, еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу