Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы №847 қаулысы

 

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 279-жолда:

5-бағанда:

27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«27) республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;»;

мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:

«28) «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты 2030 жылғы 11 тамызға дейін»;

          реттік нөмірі 395-жолда:

          5-бағанда:

          11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы;»;

мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты 2030 жылғы 11 тамызға дейін».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2030 жылғы 11 тамызға дейін қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

 

 

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу