12 Қараша 2026, 09:00
«2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 126 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16 және
17-жолдармен толықтырылсын:
«
16 «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT
(2-кезең)» 1379803 400000 теңге 2026 – 2028 жылдар 1103842700000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы), оның ішінде
2026 жылы –
281754000000 теңге «City TransportationSystems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халықаралық қаржы институт
тары
17 «Мойынты–Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы 1374191 500000 теңге 2026 – 2048
жылдар 636591700000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу