Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1001 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 және «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы 
№ 866 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына 
сәйкес әзірленді және шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік 
шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар) тарту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» заңдарымен регламенттелетін жедел іздестіру және қарсы барлау қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ерікті жасақ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік 
комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) өкілдерінің басшылығымен ерікті және жария негізде Мемлекеттік 
шекараны қорғауға қатысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының 
тобы;
2) ерікті жасақшы – Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу бойынша 
өз еркімен өзіне алған міндеттерді Шекара қызметі құрылымдық бөлімшесі өкілдерінің басшылығымен орындайтын ерікті жасақ мүшесі; 
3) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) және Қазақстан Республикасының 
ішкі сулары және аумақтық сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы 
шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының 
аумағы, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және 
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумақтары, өз шегінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын балық аулау аймағы, континенттік қайраң, сондай-ақ олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
4) Шекара қызметінің штаттан тыс қызметкері – Шекара қызметі құрылымдық бөлімшесінің өкілдері ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін немесе қажеттілік туындаған кезде ерікті негізде Мемлекеттік шекараны қорғауға тартатын Қазақстан Республикасының азаматы;
5) шекара қызметінің кітабы – Шекара қызметі бөлімшесінің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын көрсететін есептік құжат.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік шекараны қорғауға тартудың нысандары мен түрлері»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік шекараны қорғауға адамдарды жасырын ынтымақтастық түрінде тарту Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі 
туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шекаралық кеңістікте құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және құрылымдық бөлімшелерге, құқық қорғау органдарына немесе уәкілетті органдарға жеткізу арқылы жүзеге асырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік шекараны қорғауға адамдарды тарту тәртібі»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
2) «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы 
№ 19 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді 
өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың 
Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі 
суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бастамашылар рұқсаттама алу үшін «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электронды форматта Шекара қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) адамдар тізімімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну (бұдан әрі – ұсыну);
2) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсат беру құжаттарының көшірмелері.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                  О. Бектенов

 

қосымша-1

қосымша-2

қосымша-3

қосымша-4

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу