Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №1141 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы  10 шілдедегі № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»;

15-тармақта:

4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»;

350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«350) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;  

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 35-11) тармақшамен толықтырылсын:

«35-11) ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлік тауарларын өткізуді қамтамасыз ету;».

2. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

3. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1)  Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жартыжылдық негізде, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын;

4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдық негізде, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            О. Бектенов

 

қосымша

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу