Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1202 Қаулысы

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

«Самұрық-Қазына» ұлттық  әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 6.4, 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 13.1) жолдар, реттік нөмірі 6.4-жол алып тасталсын;

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлім:

мына:

«

 

14.27)

Byron Shipping Limited

 

 

                                                                                                                         »

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

 

 

14.28)

«KMG Systems & Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

   

 

 

 

 

 

 

»;

«QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 18-2.16.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

18-2.

16.2.

«GPC Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2025

                                                                                                                         »;

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде реттік нөмірі 3-1.4-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                              О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу