Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №605 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

         реттік нөмірі 307-жолда:

5-бағанда:

51) тармақша алып тасталсын;

         реттік нөмірі 311-жолда:

5-бағанда:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «7) «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;»

         мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

         «8) «Астананың шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

          6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасы, «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қатысты – Абай облысы,
«Астананың шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Астана қаласы»;

         реттік нөмірі 316-жолда:

5-бағанда:

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «24) «Астана даму орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

         реттік нөмірі 347-жолда:

5-бағанда:

20) тармақша алып тасталсын;

         реттік нөмірі 358-жолда:

5-бағанда:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «2) «Kazakh Tourism Development Ltd.» жеке компаниясы»;»

         мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

         «3) «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

         реттік нөмірі 412-жолда:

         5-бағанда:

         1) тармақша алып тасталсын.

         2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу