Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы №661 қаулысы

«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                               Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу