13 Қазан 2022, 11:31
«Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу