Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қазандағы №799 қаулысы 

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім   туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының  

7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                    Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу