17 Маусым 2025, 10:00
«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүліктің берілген күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті өткізу кезінде түгендеу карточкасында бюджетпен немесе Арнаулы мемлекеттік қормен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Шетел валютасы операция жасалған күнi айқындалған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызу тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы
№ 63 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның филиалдарына берудi осындай мүлiктi алып қойған орган жүргізіп, уәкілетті органға мүлiктiң сомасы, берілген уақыты және оны алушы көрсетілген беру туралы хабарлама жiбереді.
21. Мемлекеттік мүліктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер толық көлемде бюджеттің кiрiсiне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға номиналды түрде аударады.»;
33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігінде өзгерткен) кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және
2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу