Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №1104 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

146) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 158-1) және 158-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«158-1) курсанттардың тыныс-тіршілігімен және тұрмысымен танысу үшін олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің Министрліктің арнаулы оқу орнының курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруы қағидаларын бекітеді;

158-2) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және курсанттарын Министрлік қызметінің бағыты бойынша шетелдік оқу орындарына оқуға жіберу үшін іріктеу қағидаларын бекітеді;»;

174-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«174-1) азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 174-3), 174-4) және 174-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«174-3) азаматтық қорғау органдарындағы кадрларға сұранысты айқындайды;

174-4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің және жұмыскерлердің құқық қорғау қызметінде, әскери және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтауы жөнінде шаралар қабылдайды;

174-5) азаматтық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды және оқытуды, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағылымдамадан өткізуді, қайта даярлауды және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастырады;».

2. Осы қаулының 2024 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                 Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу