Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №1079 қаулысы

«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібінде, нысандарында және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарында:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер және заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;»;

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) ментор – кәсіпкерлік қызмет жүргізуде табысты тәжірибесі бар, кәсіпкерлік саласында білім мен тәжірибе беру үшін ментиді сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын кәсіпкер;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – қаржылай емес қолдау операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасы, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған жұмыс орны;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына бизнес-тағылымдамаларды ұйымдастыруға, шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатуға жәрдемдесетін және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шетелдік ұйымдар;»

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. «Кәсіпке бағыт» құралын іске асыруды қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы
3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. ШОК субъектілерін және (немесе) оның өкілдерін бір салалық (бейіндік) бағыт бойынша оқыту жылына бір реттен артық ұсынылмайды.

Оқыту ӨКП-мен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін өңірдегі (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісіндегі) басым салалар бойынша жүзеге асырылады.»;

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. «Кәсіпкер әйел» құралын іске асыруды қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Заңның 16-бабы
3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.»;

74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Өңірлік көрменің қорытындысы бойынша жұмыс тобы кемінде
20 (жиырмадан) аспайтын өнімді/тауарды іріктейді. ӨКП құрамы тақ сан болатын, ӨКП басшысының бұйрығымен бекітілетін жұмыс тобын құрады, оның құрамына қаржылай емес қолдау операторы мен ӨКП жұмыскерлері, сондай-ақ өңірлік салалық қауымдастықтардың өкілдері кіреді.

75. Жұмыс тобы іріктеп алған өнімдер/тауарлар бренд-комитеттің отырысында таныстырылады, онда кемінде 10 (оннан) аспайтын өнім/тауар іріктеп алынады және финалист сертификаттары (бұдан әрі – финалистер) беріледі.»;

81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«81. «Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға көрсетілетін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы бойынша қызметтер көрсету ӨКП филиалдарында жұмыс істейтін КҚКО арқылы және/немесе аудан орталықтарында, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар көп шоғырланған жерлерде, ал онлайн режимде – қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;

83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«83. «Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға көрсетілетін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылғанда Заңның 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен тиісті шарт жасалады.»;

94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«94. «Кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау» құралы республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылғанда Заңның 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасалады.»;

105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«105. Қаржылай емес қолдау операторы есепті жылдың маусымынан кешіктірмей «Кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау» құралының көрсетілетін қызметтері бойынша ұзақтығы кемінде 3 (үш) минут болатын кемінде екі ақпараттық бейнеролик (қазақ және орыс тілдерінде) әзірлейді және оларды интернет-ресурстарда орналастырады. »;

106. Уәкілетті органмен келісу бойынша кемінде екі ақпараттық бейнероликті (қазақ және орыс тілдерінде) әзірлеу және орналастыру «Кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау» құралын қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.»;

111 және 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«111. «Іскерлік байланыстар» құралында шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға бару және шетелдік әріптестермен:

1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;

3) франшиза сатып алу;

4) бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыс орнату көзделген.

Бизнес-тағылымдамадан өту форматын, сондай-ақ мерзімдерін қабылдаушы ел қаржылай емес қолдау операторына хат жіберу арқылы айқындайды.»;

112. ШОК субъектілері үшін бизнес-тағылымдамаларды ұйымдастыруды қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып, ХШҰ жүзеге асырады.»;

114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«114. «Іскерлік байланыстар» құралы іс-шараларын қаржыландыру Заңның 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ тарапынан қаржыландырылатын қаражат есебінен жүзеге асырылады.»;

118, 119 және 120-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін бизнес-тағылымдамаға қатысуға өтінімді, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының «Іскерлік байланыстар» құралын іске асыру шеңберіндегі жазбаша міндеттемесін толтырады;

2) қаржылай емес қолдау операторы өтінімді 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

119. Қаржылай емес қолдау операторы қабылданған өтінімдер бойынша ХШҰ-мен бірлесіп кооперациялық жобаларды қамтитын сауалнамаларды қорғауды ұйымдастырады және олардың ішінен үздіктерін іріктейді.

Көрсетілетін қызметті алушыны іріктеу кезіндегі өлшемшарттар мыналар:

1) шетелдік компаниялармен кооперациялану ниеті;

2) басқарушының әлеуеті;

3) шет тілін білу (шет тілінде бизнес-тағылымдамадан өту кезінде) болып табылады.

120. Кооперациялық жобаларды қамтитын үздік сауалнамалар айқындалғаннан кейін, қаржылай емес қолдау операторы шетелдегі бизнес-тағылымдамаға қатысуды келісу үшін іріктеп алынған ШОК субъектілерінің тізімдерін уәкілетті органға жібереді.»;

122 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«122. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушыларды бизнес-тағылымдамаға жібереді.»;

124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

124. «Іскерлік байланыстар» құралына қатысушылар бизнес-тағылымдамаға ұшып шығатын пунктке дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік және тұруға жұмсалатын шығыстарды өздері төлейді.»;

125-тармақ алып тасталсын;

126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«126. Бизнес-тағылымдаманың нәтижелері бойынша құралға қатысушы Қазақстан Республикасына келген кезден бастап 2 (екі) ай ішінде мынадай мәліметтерді:

  1. бизнес-тағылымдамадан өтудің қысқаша сипаттамасын (орны, мерзімі, қабылдаушы ұйым);
  2. алынған негізгі нәтижелер мен дағдыларды (жаңа білім, орнатылған байланыстар, ынтымақтастық туралы уағдаластықтар);
  3. өз кәсіпорнын дамыту жөніндегі жоспарларын (алған тәжірибені енгізу, әріптестіктерді кеңейту, жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі және басқа да іс-шаралар) көрсете отырып, қаржылай емес қолдау операторын бизнес-тағылымдаманың нәтижелері туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық нысанда) хабардар етеді.

Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп құралға қатысушылар бизнес-тағылымдамадан өткеннен кейін бір жылдан соң осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ынтымақтастық орнатылған шетелдік әріптес компанияның атауын көрсетіп, аталған ШОК субъектілерінің даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және оны уәкілетті органға жібереді.»;

127-тармақ алып тасталсын;

129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«129. ШОК субъектілері бизнес-тағылымдамаға жіберілетін елдер тізімі ұлғайған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтетін жағдайда ШОК субъектілері ұсынатын құжаттар топтамасының құрамын өзгертуге жол беріледі.»;

132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«132. «Сарапшылар қызметі» құралын қаржыландыру Заңның 16-бабы
3-тармағының 25) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«141. ЕҚДБ бағдарламасы бес бағыт бойынша іске асырылады:

1) кәсіпорынның өсуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу үшін кәсіпорынға консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын компанияларды тарту;

2) кәсіпорынның өсуі мен дамуына көмек көрсету үшін шетелдік салалық сарапшыларды тарту;

3) кәсіпкерлерге арналған тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу арқылы ШОК субъектілері үшін нарықтарды дамыту және консультациялық көрсетілетін қызметтерге сұранысты ынталандыру;

4) жаттықтырушылар үшін тренингтер өткізу арқылы жергілікті бизнес-консультанттардың құзыреттерін дамыту;

5) орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру.»;

145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«145. Базалық және қосымша өлшемшарттарға сай келетін кәсіпорындар ЕҚДБ бағдарламасына қатысушылар болып табылады.

Қатысушыларды іріктеудің базалық өлшемшарттары:

1) кәсіпорынның мөлшері (үлестес тұлғаларды есептемегенде) – консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын компаниялар тартылатын жобалар үшін 250 қызметкерге дейін және шетелдік салалық сарапшылар тартылатын жобалар үшін 500 қызметкерге дейін;

2) қызмет саласы – банк көрсететін қызметтерді, әскери өнімдерді немесе көрсетілетін қызметтерді, құмар ойындар мен темекі өнімдерін қоспағанда, экономиканың барлық секторларындағы қызмет, сондай-ақ ЕҚДБ елдік стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша ЕҚДБ қызметінен шығарылған экономика секторлары;

3) жетілу – өтінім берген кезде бизнесті жүргізу тәжірибесі кемінде екі жыл (арнайы бастамаларды қоспағанда);

4) осы Қағидаларға 148-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдік құжаттаманың толық топтамасы;

5) «Орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағытына қатысу үшін:

кәсіпкерлік субъектілерін сегменттеу өлшемшарттарына сәйкес іріктелген орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті кәсіпорны;

соңғы екі жылдағы қаржылық орнықтылық және айналым EBITDA өсуінің оң серпіні;

экономика секторы: кандидат кәсіпорын өнімді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге байланысты экономиканың бір немесе бірнеше секторында жұмыс істеуге тиіс, немесе болашақ консультациялық жоба өнім өндірісін және (немесе) қайта өңдеуді дамытуға бағытталуға тиіс;

одан әрі өсуді ынталандыру мақсатында қаржыландыру алу үшін мерзімі өткен берешексіз және борыштық жүктемесі операциялық пайданың үш еселенген мөлшерінен аспайтын, расталған оң кредиттік тарих.»;

146-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорынның жобаны іске асырудың жалпы құнының 10-75 пайызын төлеуге әзірлігі мен мүмкіндігі.».

2. Көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        О. Бектенов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

Қосымша 9

Қосымша 10

Қосымша 11

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу